Жамбыл облысына биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына республикалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді.Мемлекеттік қолдаудың арқасында жеңілдетілген несиемен тұрғындар шағын кәсіп ашып, тірліктерін түлетіп отыр.
Байзақ ауданы, Бұрыл ауылының тұрғыны Балжан Сәрсенбекқызы бағдарлама аясында несие 2,5 пайызбен жеңілдетілген алып, шағын тігін цехын ашты. Ол цифрландырылған үлкен тігін машинасын сатып алып, жұмыс ауқымын кеңейткен. Бүгінде тігін орталығында көрпе тігіп, қыз жасауын дайындайды. Жергілікті ауыл тұрғындарын да жұмыспен қамтып отыр. Дайындаған дүниелері еліміз бойынша сұранысқа ие.