Ұлттық қолөнер – табысты бизнес көзі. Меркі ауданында құрақ құрау үлгісін заманауи брендке айналдырған шебердің өнімдеріне сұраныс жоғары. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкер өндіріс ауқымын кеңейтіп, өнім түрлерін көбейтуді қолға алды.


Меркі ауданындағы қолөнер шебері Жаңыл Жұмашова ұлттық құндылықты табыс көзіне айналдырып отыр. Сегіз жылдан бері құрақ көрпе тігіп келе жатқан кәсіпкер мемлекеттік гранттың көмегімен кәсібін кеңейтіп, өндіріс көлемін арттырған. Бүгінде оның ұлттық нақыштағы бұйымдарына сұраныс артып, тұрақты тұтынушылар қатары көбейген.