Еуропалық кәсіпкерлер Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы сауда-саттықты күшейтуге ниетті. Брюссельде өткен бизнес конференцияда Қазақстан мен ЕурОдақ байланысын нығайту, Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды. Басқосу Президент Қ.Тоқаевтың Бельгияға ресми сапары аясында ұйымдастырылды. Шараға Қазақстан мен ЕуроОдақ елдерінен жүзден астам өкіл қатысты.


Транскаспий халықаралық көлік бағыты Еуразия көлік жүйесінің стратегиялық бөлігіне айналды. Соңғы бес жылда Орта дәліз арқылы тасымалданатын жүк көлемі алты есеге артқан. «Бұл – мүмкіндіктер дәлізі, тұрақтылық көпірі», дейдің еуропалық кәсіпкерлер.