Ел тыныштығы мен тұрақтылығын, халықтың қауіпсіздігін сақтайтын құқық қорғау органдары Қазақстан полициясына биыл – 34 жыл. Осыған орай, салтанатты жиын өтіп, үздік тәртіп сақшылары марапатталды.
Полиция қызметінің қоғамдағы маңызы ерек. Бұл орайда Аймақ басшысы өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыспен күресу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.