Облыс аумағында 18- 23 маусым аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсат – жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттырып, қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын қоғамдық көліктерді, шағын автобустарды және өзге де көлік құралдарын тексеруде. Тексеру барысында көліктің техникалық жағдайына, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына, жұмыс және демалыс режиміне, сондай-ақ жолаушылар тасымалының заңдылығына ерекше назар аударды. Бұдан бөлек, полицейлер қажетті құжаттардың болуын, міндетті техникалық байқаудан өтуін және жолаушыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауда. Профилактикалық жұмыс қозғалыс бағытарында ғана емес, автопарктер мен автовокзал аумақтарында да жүргізілуде. Мақсаты – жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және қоғамдық көлікті пайдаланатын тұрғындар мен өңір қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.