Қордай ауданында ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіліп, кәсіби мереке қарсаңында үздік медицина қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды. Мерекелік шарада олардың халық денсаулығы жолындағы адал еңбегі ерекше атап өтілді.
Ауданда бүгінде 1500-ге жуық медицина маманы халық денсаулығын қорғау жолында еңбек етіп келеді. Олардың бір парасына кәсіби мерекеге орай Денсаулық сақтау министрлігінің, аудан әкімінің және салалық ұйымдардың алғыс хаттары мен арнайы марапаттары табысталды.