Таразда интерьер дизайнерлер басқосты. Дизайнерлік саланы дамыту, жаңа мамандарды даярлау сондай-ақ индустриядағы креатив пен өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуде мамандар тәжірибе алмасып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар саланың түрлі бағыттарымен танысты.
Жиында спикерлер дизайнер саласының бүгінгі даму қарқыны мен еңбек нарығындағы сұранысына тоқталды. Мәселен үйіңізге жиһаз таңдауда оның адам денсаулығы мен жайлылығына мән беру қажеттігін айтты. Келген қонақтар өздерінің жобаларын таныстырып, салада жиі кездесетін кемшіліктерді де атап өтті. Саладағы мамандық тапшылығын атап өтіп, дизайнер еңбегінің құндылығын арттыруға баса назар аударды. Сондай-ақ, сатушы мен тұтынушы арасындағы байланыс, қарым-қатынас жөнінде айтылды. Тұтынушыға өнімді тиімді таныстыру тәсілдерін көрсетті. Мұндай пікірталас алаңдары салаға жаңашылдық әкелуге, мамандар тартуға және дизайнерлік индустрияны жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді,- дейді ұйымдастырушылар.