Азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған «Ортақ мүдде» жобасы аясында шағын гранттар табысталды. Байқау қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар бес жоба жеңімпаз атанып, грант иегері болды. Осыған орай ұйымдастырылған кездесуде азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру және олардың қоғамдық бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды. 

Жиын барысында үкіметтік емес ұйымдардың өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі орны айтылды. Олардың әлеуметтік мәселелерді шешуге қосып отырған үлесі де қамтылды.