Жамбыл облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Қоғамдық институттардың әлеуетін арттыру және мәдени мұраны сақтау мәселелері талқыланған жиынды Қоғамдық Кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских жүргізді..
Кеңес төрағасы еліміздің жаңа Конституциясы аясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған елеулі өзгерістер туралы және алғаш рет Заң мен Тәртіп, әділеттілік, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар Конституция деңгейінде бекітілгенін атап өтті.