Ғарышты игерген ғасырда өмір сүрсек те, әлі де ауыз суға мұқтаж ауылдар бар. Ал ортағасырлық Таразда хауыздар мен моншаларға су арнайы жүйе арқылы жеткізіліп, бүтін бір қала ауыз сумен қамтылған. 1200 жыл бұрын шешілген мәселе неге бүгін де өзекті?
Бұрынғы «Көк базар» орны 2011 жылдан бастап зерттеледі. Алты жылдық жұмыстың нәтижесінде археологтар 30- дан аса құбыр бөліктерін анықтаған. Одан бөлек, тереңдігі 1-1,5 метр болатын су қоймалары мен хауыз да бар.