Олар сөйлей алмайды, бірақ айғақтарды, тыйым салынған заттарды жаңылыспай табады. Тіпті қылмыскерлерді ұстауға қауқарлы. Полицияның сенімді серігіне айналған иісшіл иттер жасырылған кез келген затты анықтауда да таптырмас көмекші. Бұдан бөлек, олар жоғалған адамдарды іздеумен қатар, күдіктілерді ұстау операцияларына белсене қатысады.


Қызметтік ит — жай ғана адал дос емес, құқық қорғау органдарының толыққанды қызметкері. Кинологиялық орталықта күн сайын түрлі жаттығулар мен тапсырмалар пысықталады. Мұнда адамдарды іздеуден бастап қауіпті заттарды анықтауға дейінгі әртүрлі жағдайда жұмыс істей алатын мамандар дайындалады.