Жамбыл футболы жас буынның кезекті жетістігін тойлауда! Күні кеше Тараздықтар Қырғызстанның Ыстықкөл жағалауында өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды. Жергілікті «Hat trick» командасының жас ойыншылары барлық кездесуде жеңіске жетіп, өздерінің мықтылығын дәлелдеген.


Турнирге Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанның ең үздік жасөспірімдер командалары қатысты. Жарыс «6+1» форматында өтті. Яғни алаңға алты ойыншы мен бір қақпашы шықты. Тартысты әрі қызу өткен бәсекеде тараздық футболшылар қарсыластарына дес бермеген.