Қазақстан цифрландыру бойынша Дүниежүзілік банк рейтінгінде 6-шы орында тұр. Еліміз халықаралық ұйыммен жасанды интеллект, GovTech салалары негізіндегі байланысты әрмен қарай нығайтуды көздейді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі вице-президенті Сангбу Киммен өткен кездесуінде айтты. Жаңа бастамалар қатарында Деректерді өңдеу орталықтарын дамыту, Каспий арқылы су асты кабелін тарту, ауылдық жерлердегі интернет сапасын жақсарту жұмыстары бар. Дүниежүзілік банк өкілі қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.