Таразда тағы да бір қуанышты күн. Бүгін «Ұлы дала» шағын ауданында жаңадан салынған екі көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді. Бұл үйлерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан әлеуметтік осал топтар санаты бойынша кезекте тұрған 196 азамат қоныстанды. Құрылысын «Тараз-Ісмер» компаниясы жүргізген. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа қоныс иелерін құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті.
Өңірде тұрғын үй құрылысының қарқыны жыл сайын артып келеді. Бүгін пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйлер азаматтардың көптен күткен армандарын ақиқатқа айналдырды.