Ұлттық бренд- мәңгілік тренд. Құрақпен де әлемге танылуға болады. Дәйекке дәлел Меркідегі Фрунзекүл әжей. Ол қазақтың қолөнері арқылы әлемдік рекордттар кітабына еніп, Испан Корольдігінің күміс медалін де алған.
Фрунзекүл апаның шеберханасындағы ең қымбат дүниенің бірі – 55 жылдан бері қолынан түспеген «Зингер» тігін машинасы.Бұл машинаны ол 1972 жылы тұрмысқа шыққанда жасауымен бірге алып келген. Содан бері сан мыңдаған құрақ көрпе, көрпеше, жастық пен ұлттық нақыштағы бұйым дәл осы тігін құралының көмегімен дүниеге келіпті.