Сондай ақ жылына 1 миллион тоннаға дейін өнім өндіретін металлургиялық зауыт құрылысы бастау алды. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде 350 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Жаңа зауыт Тараз қаласының индустриялық аймағы алаңында салынады.


Жамбыл облысында соңғы жылдары өнеркәсіптік өндірісті дамытуға, инвестиция тартуға және жаңа кәсіпорындар ашуға басымдық беріліп келеді. Бүгінгі металлургиялық зауыттың құрылысы – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Құрылыс жұмыстары енді басталатын кәсіпорынның жалпы жобалық құны 130 млн АҚШ доллары. Екі кезең бойынша жүзеге асырылатын зауытқа қытайлық компания қаржы салып отыр. 1-кезеңде 46 млрд теңге, 2-кезеңде 15 млрд теңге инвестиция.