Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті. Банк төрағасы бұған инфляцияның төмендеуі, экономиканың тұрақты өсімі себеп болғанын айтады. Сонымен қатар инфляцияның тоғыз ай қатарынан баяулауы да әсер еткен. Маусымдағы бұл көрсеткіш 10,3%, ал мамырда 10,4% болған. Экономика да оң өсім бар. Биыл алғашқы жартыжылдықта елдің жалпы ішкі өнімі 4 пайыздан аса өсті.