Жаз келсе жан біткеннің аңсары ауатын қауын-қарбыздың дәмділігіне дау жоқ, бірақ оның құны қанша? Маусым туғалы базардан "биылғы жылдың өнімі" деген жарнамамен сатылып жатқан қауын-қарбыздарды кездестіріп жүрміз. Өңірдегі өнімдер және Қызылорда облысының қарбыздары нарыққа шілденің екінші жартысында шыға бастады.


Ауданда биыл қауын мен қарбыз 700 гектардан астам алқапқа егілген. Көктемнен күтіп-бапталған бақша өнімдері бүгінде кезең-кезеңімен жиналып, саудаға шығарылып жатыр. Жергілікті шаруалар өнім көлемі жаман емес екенін жеткізді.