Бір кітап, төрт мүмкіндік. Республикада алғаш рет Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 4 форматты инклюзивті ертегі кітаптарын шығаруда. Бұл жоба көзі көрмейтін, әлсіз көретін және көзі сау оқырмандардың бір кітапты бірге пайдалануына мүмкіндік береді.


Бұл оқулықта ертегі бірден 4 форматта әзірленген. Атап айтқанда, қарапайым мәтін, Брайль қарпі, бедерлі иллюстрациялар және QR-код арқылы тыңдалатын аудионұсқа. Осы кітап арқылы бір отбасында тұратын зағип жандар сауаттарын арттырып, оқулықтың мазмұнымен таныса алады.