Полицейлер ерекше тазалық акция ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары кәсіпкерлермен бірге кофе ішетін орындарға тазалық жұмыстарын жүргізді. Қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастауға шақыратын арнайы ескерту қағаздары жапсырылды.
Бастаманы қаладағы кофехананың иелері қолдап, акцияға белсенді түрде қосылып, өз өнімдеріне тақырыптық жапсырмалар орналастырды. Осылайша, күнделікті қолданылатын кофе стақаны қаланың тазалығына қамқорлық әрбір тұрғынның қарапайым күнделікті әрекетінен басталатынын еске салатын құралға айналды.Полиция қызметкерлерінің айтуынша, кәсіпкерлермен бірлесіп жүзеге асырылатын мұндай жобалар тұрғындардың экологиялық мәселелерге назарын аударып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.Жыл басынан бері Жамбыл облысында 8 251 қоғамдық орындардың ластану дерегінің алдын алды.Осындай бірлескен жобалар азаматтардың экология мәселелеріне назарын аударуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі,- дейді полицейлер.