Кәсібі бардың нәсібі бар! Құланда ерекше кәсіпті жүргізіп отырғандар некен саяқ. Бірақ, жоқ демейміз, санаулы ғана. Солардың бірі, Ғани Шындалы. Ол 2022 жылы профнастиль шығаруға арналған цех ашқан. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында қаржыландырылған.
Аудандағы жалғыз кәсіпорын профнастильдің бірнеше түрін өндіреді. Ең қажеттілігі - керек жабынды тұтынушының сұранысына қарай кесіп береді. Ал, бағасы болса базардан 20 пайыздай төмен.