Жамбыл облысының аумағында 15–31 шілде аралығында республикалық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – атыс қаруының заңсыз айналымының алдын алу. 


Алғашқы күннің қорытындысы бойынша қару айналымы саласындағы заңнама талаптарын бұзудың 13 әкімшілік құқық бұзушылығы анықталды. Атап айтқанда, қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын бұзудың 6 дерегі, қаруды тіркеу талаптарын сақтамаудың 4 дерегі және қаруды сақтау қағидаларын бұзудың 3 дерегі тіркелді. Тәртіп сақшылары азаматтарды заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды полиция органдарына ерікті түрде тапсыруға шақырады.