Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы іс-шараның Шығыстың інжу-маржаны – Шанхай қаласында ұйымдастырылуы символдық мәнге ие екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай халық республикасының Төрағасын Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуымен құттықтады.