Қордай ауданында полицейлер 8,5 миллион теңгеден астам шығын келтірген мал ұрлығын ашты. 


Полицияға жүгінген жергілікті тұрғын жазғы жайылымға айдар алдында малын санау кезінде 51 қой мен 27 қозының жоғалғанын анықтаған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ұрланған малдың бір бөлігі иесіне қайтарылды. Полиция мал иелеріне қора-жайдың қауіпсіздігін күшейтіп, жануарларды міндетті түрде сырғалап, жоғалу дерегі анықталған жағдайда бірден полицияға хабарласуды ескертеді.