Таразда «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған байқауға биыл шаһардан 22 жанұя қатысты. Үздік деп танылған 2 отбасы енді облыстық кезеңде қала намысын қорғайды.


Биыл 13-ші рет ұйымдастырылған байқаудың қалалық кезеңінде түрлі салада еңбек етіп жүрген отбасылар қатысты. Комиссия шешімімен Сәттібаевтар мен Зайнуллиндер отбасы жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Оларды Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков марапаттап, ізгі ниетін білдірді.