«Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жамбыл облысының полицейлері аса ірі көлемдегі марихуананың заңсыз айналымына тосқауыл қойды. Шу ауданы Тасөткел ауылы маңындағы құмды алқапта 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Одан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған төрт орама, сондай-ақ орақ пен қолғап тәркіленді.


Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың жалпы салмағы 24 келі 120 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Тергеу барысында күдіктінің жабайы қарасораны жинап, кептіріп, оны сатуды жоспарлағаны белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.