Жарты ғасырға жуық жөнделмеген жылу желілері бүгінде жаңғыртылып жатыр. Таразда былтыр басталған ірі жоба биыл да өз жалғасын тапты. Оған бюджеттен 2 млрд 306 млн теңге бөлініп отыр. Нәтижесінде жылу желілердің тозу деңгейі төмендеген.


Өткен жылы жүргізілген жаңарту жұмыстарының нәтижесінде 6,1 шақырымнан асатын магистральдық жылу желілері ауыстырылған болатын. Ал биыл жылу желілерін жаңғырту бағытында 3 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Оған республикалық және облыстық бюджеттен жалпы 2 млрд 306 млн теңге бөлінген.