Мектепті алтын белгіге аяқтаған футболшылар. «Тараз» U-18 командасының құрамында таланттарымен танылып жүрген егіз ағайындылар – Ахан Ерболұлы мен Алан Ерболұлы. Егіздердің ең үлкен мақсаты – футболдағы биік белестерді бағындыру.
Биыл ағайынды футболшылар мектепті «Алтын белгімен» аяқтап, білім мен спортты қатар алып жүруге болатынын дәлелдеді. Сабақтағы салмақты ізденіс пен спорттағы табанды дайындық олардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Бұл жетістік – жүйелі жұмыстың, жігердің және жауапкершіліктің жемісі. Олар жас буынға үлгі боларлықтай еңбекқорлығымен ерекшеленеді.