Жаңа Конституция Қазақстанның тұрақты экономикалық өсу моделіне көшуін айқындады. Премьер-министр Олжас Бектенов Ата заң аясында іске асырылып жатқан реформалар ел экономикасының әлеуетін арттыруға жаңа серпін бергенін мәлімдеді. Қазір Үкімет шикізаттық емес салаларды дамытуға, инвестиция тартуға және заманауи инновациялық кластерлер қалыптастыруға басымдық беріп отыр. Нәтижесінде жыл басынан бері ел экономикасы 4,1%-ға өсті. Қуантарлығы, бұл көрсеткіштің басым бөлігі мұнайға емес, отандық өндіріс пен күнделікті қызмет көрсету салаларына тиесілі. Әсіресе құрылыс, сауда, өңдеу өнеркәсібі мен көлік тасымалы қарқынды дамып келеді. Соңғы 5 айда сыртқы сауда айналымы 56 миллиард доллардан асса, бюджеттің кірісі шамамен 16%-ға артты. Сонымен бірге, жұмыссыздар саны қысқарып, нарықта шамамен 9 жарым миллион адам жұмыс істеп жүр. Оның тең жартысы - шағын және орта бизнесте еңбек етеді.