Студент атануға бір қадам қалды. Білім грантына құжат қабылдау ресми түрде басталды. Қабылдау комиссияларында қарбалас күшейді. Онлайнда өтініш қабылданады. Жалпы офлайн форматта құжатты тапсыру қанша минутқа созылады және талапкерлерді қандай талаптар күтіп тұр?


Талапкерлер өтінішпен бірге жеке куәлік, ҰБТ сертификаты және 3х4 көлеміндегі фотосын ұсынуы қажет. Ал жеңілдетілген санат бойынша бақ сынайтындар растайтын құжаттарын қоса тапсырады. Сонымен қатар грантқа және ақылы бөлімге түсу үшін ҰБТ нәтижесі бойынша белгіленген шекті балл талаптары ескеріледі.