Байзақтағы жарылыс. Бұл оқиға әлі күнге дейін ел жадынан өшкен жоқ. Қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан азаматтардың бірі – Халық қаһарманы Мейіржан Айманов. Бүгін батырдың туған күні. Өзгенің өмірін құтқаруды өз өмірінен биік қойған жан бүгін, арамызда болғанда, 50 жасқа толар еді. Ер есімі ел есінде.
2021 жылдың 26 тамызында өрт сөндіру жұмыстарын басқарған Мейіржан алғашқы жарылыстан кейін де кері шегінбеГЕН. Бірнеше әріптесін қауіпсіз жерге алып шыққан. Алайда ДҮРКІН- ДҮРКІН жарылыстан өзі қаза тапты. Оған осы ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Халық қаһарманы» атағы беріліп, «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі мен «Отан» ордені табысталды.