Шу қаласында тазалыққа жанашыр тұрғындардың басын қосқан ерекше экологиялық жарыс өтті. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза қала» байқауында қатысушылар бір сағат ішінде қала аумағын қоқыстан тазартуда өзара сынға түсті.


Жарысқа алты команда қатысты. Әр топта 6 адамнан жиналып, белгіленген аумақты қоқыстан тазартты. Қатысушылар берілген бір сағат ішінде 700 келіге жуық қоқыс жинаған. Жарыстың басты мақсаты – жеңімпазды анықтау емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру,- дейді ұйымдастырушылар.