Өткен аптада Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Өңірдегі химия өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ кәсіпорындар мен салынып жатқан өндіріс ошақтарын аралады.


Жұмыс сапары еліміздегі химия өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі – «Қазфосфат» ЖШС-дан басталды. Кәсіпорын 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында 64,2 млрд теңгенің 246,1 мың тонна өнімін өндірген. Бүгінде кәсіпорын минералды тыңайтқыштармен отандық агроөнеркәсіп кешенін қамтамасыз етіп қана қоймайды. Өнімдерін Ресей, Беларусь, Түрікменстан, Литва, Латвия, Польша және басқа да елдерге экспорттайды.