Кейде бір кітаптың артында тұтас тағдыр жатады. Бұл жинақтың да өзгешелігі сонда. Ақын, журналист Мәдина Көбеева өмірден өтер алдында шығармаларын келініне аманат еткен. Бүгінде сол аманат орындалып, қаламгердің бұрынғы және бұрын жарияланбаған еңбектері бір кітап болып жарық көрді.


Мәдина Көбеева саналы ғұмырын журналистика мен әдебиетке арнап, ұзақ жыл Жамбыл облыстық телерадиоарнасында еңбек етті. Көзі тірісінде «Іңкәр дүние» атты авторлық жинағы жарық көрген. Ал өмірден өтер алдында шығармаларын кітап етіп шығаруды келіні Толғанайға аманаттап кеткен. Сол аманатқа адал болған келін қаламгердің туындыларын жинақтап, екінші кітабының жарық көруіне себеп болды. Нәтижесінде мың данамен басылған жинақ бүгінде дайын.