Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық кандидаттар тізімін бекітті. Ұйым кезектен тыс XXV съезі кезінде партияның саяси стратегиясын айқындап, сайлауалды бағдарламасын да қабылдады. Ол әділетті мемлекет, адам игілігіне қызмет ететін экономика, лайықты өмір сүру сапасы, цифрлық дәуір мен жаһандық сын қатерлер жағдайына бейімделу деген төрт бағыттан тұрады. Социал-демократтардың пікірінше жауапты демократия осы қағидаттарға сүйенуі тиіс.