Көне Тараз тарихи-этномәдени кешенінде Қазақстан Республикасы Конституциясының заңды күшіне енуіне орай «Жаңа Конституция – жарқын болашақ» атты мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараға мыңдаған тараздық қатысып, елдің басты заңына деген құрметін білдірді.
Атьа заңды ұлықтаған кешке Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты. Өңір басшысы тұрғындарды жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтап, оның ел дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы тарихи маңызына тоқталды.