Жамбыл облысында мәдениет саласы қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары өңірде жаңа мәдениет нысандары салынып, қолданыстағы өнер ошақтары жаңғыртылуда. Соңғы бес жылда өңірде 35 жаңа мәдениет нысаны пайдалануға беріліп үлгерді. Бұл жұмыстар жастардың өнерге бет бұруына, жаңа үйірмелердің ашылуына және шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашады.
Мәдениет саласын дамыту өңірдегі негізгі басымдықтардың біріне айналды. 2021-2025 жылдар аралығында облыста 35 жаңа мәдениет нысаны ел игілігіне берілді. Осы уақыт ішінде 118 мәдениет нысанына ағымдағы, 20 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алдағы бес жылға арналған даму жоспары аясында тағы 20 жаңа нысан салу жоспарланған. Оның бесеуі биыл пайдалануға беріледі.