Конституцияның құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында «Жібек жолы» ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.Жиында жаңа Ата заңның қоғамдағы орны мен маңызын түсіндіріп, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен айтты.
Конституция – мемлекетіміздің басты Заңы, ел бірлігі мен тұрақтылығының, қоғамдық келісім мен заң үстемдігінің берік негізі екені айтылды. Конституциялық құндылықтарды халық арасында кеңінен дәріптеу әрбір азаматтың ортақ міндеті екеніне тоқталды. Ел тәуелсіздігін нығайтудағы, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы тарихи рөлі, жастарға құқықтық тәрбие беру мен патриоттық құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өтті. Еліміздегі барлық этностардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің қамтамасыз етілуі – бейбітшілік пен тұрақтылықтың басты кепілі екенін жеткізді.