Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді.Осыған орай бүгін құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жұмыстары бойынша жиын өтті. Кеңесте депутаттарды сайлау мерзімдері мен күнтізбелік жоспардың орындалу барысы айтылды.


Құрылтай депутаттарының сайлауы бұрынғы Мәжіліс сайлауы секілді толығымен партиялық тізімдер бойынша өтеді. Бұл саяси науқанға тек Орталық сайлау комиссиясы арнайы тіркеп, рұқсат берген 7 саяси партия ғана қатыса алады. Қатысушы партиялар өздерінің үміткерлерінің тізімін жасақтап, Орталық сайлау комиссиясына ұсынады.