Облыс прокуратурасында Қазақстан Республикасының Конституциясын ілгерілету мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында прокуратура өкілдері Конституцияның жаңа редакциясында көзделген негізгі өзгерістер мен құқықтық жаңашылдықтарға жан-жақты тоқталды.


Атап айтқанда, Конституцияның құрылымы, преамбулада бекітілген «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар, Президенттің өкілеттіктері, Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесінің мәртебесі, сот төрелігі, прокуратура және адвокатура институттарына қатысты жаңа конституциялық тетіктер баяндалды. Қатысушылар құқықтық мәдениетті нығайту, Конституцияның негізгі қағидаттарын кеңінен насихаттау және олардың қоғам өміріндегі практикалық маңызын арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырудың өзектілігін атап өтті.