Конституция құқықтық жүйенің іргетасы ғана емес, қоғам үшін құндылық бағдары болып табылады. Халықтық Конституция – қоғамның сұранысы мен азаматтардың мүддесіне негізделген құжат. Оның негізгі ұстанымы – әрбір адамның құқығы мен бостандығын қорғап, заң үстемдігін қамтамасыз ету. Мұндай қағидаттар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, елдегі тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Ол қоғамдық келісімді нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген мемлекеттік дамудың жаңа бағдарын айқындайды.