«Әділет» партиясының Жамбыл облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуіне қолдау көрсету. Сондай-ақ қатысушылар партияның облыстық филиалының басшылық құрамын жасақтау мәселесін қарады. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша облыстық филиалдың басшысы болып Даурен Айтасұлы Қайыпов сайланды. Ол мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызмет саласында көпжылдық тәжірибеге ие.