Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі әрі бірегей Гимнастика орталығының құрылысы басталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэмен және Азия гимнастикалық одағының президенті Абдулрахман Әл-Шатриді қабылдауы кезінде айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйымдардың Қазақстан гимнастика федерациясына көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауын жоғары бағалады. Сондай-ақ, гимнастика спортын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэні I дәрежелі «Достық» орденімен, ал Азия гимнастикалық одағының президенті Абдулрахман Әл-Шатриді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.