«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мойынқұм ауданындағы Шу өзенінің жағалауында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына аудан тұрғындары, жастар мен еріктілер белсенді қатысып, өзен жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Шу өзені – өңірдің табиғи байлығы әрі экожүйенің маңызды бөлігі. Сондықтан оның жағалауын таза ұстау – тек экологиялық шара ғана емес, әрбір азаматтың туған жерге деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің көрінісі,- дейді қатысушылар.