Президенттік жастар кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік грантпен оқыған, үлгерімі жоғары жастарға басымдық берілді. Үздіктер конкурсқа қатыспай-ақ аудандарда мемлекеттік қызметке кірісе алады. Саланы цифрлық трансформациялау үшін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі іске қосылды.


Зарина Сүгірбай - Қордай ауданы, Қордай ауылдық округінде статист маман болып қызмет еткен. Алты айдан кейін мемлекеттік қызметке кірудің жаңартылған тәртібі бойынша «Е-қызметтің» ашық порталы арқылы тестілеуден өтті.Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына жарияланған конкурсқа қатысады.Жеңімпаз атанып,аталған лауазымға тағайындалады.