Өңірімізде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында қаржылық қауіпсіздік форумы өтті. Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен облыстық білім басқармасы бірлесе ұйымдастырған іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.


Жиынға қоғамдық бірлестік өкілдері, зейнеткерлер мен педагогтар қатысты. Кездесу барысында бюджеттік сала мамандарына интернет-алаяқтықтың кең тараған схемалары, дропперлік әрекеттер мен қаржы пирамидаларының қаупі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі заңсыз «дипфейк» технологияларының таралуы ескертіліп, цифрлық гигиена қағидаларын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Жиын ашық форматта өтіп, қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.