Өңірде ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған «Батамен ел көгерер» атты облыстық батагөйлер байқауының қорытынды кезеңі өтті. Облыс әкімдігінің қолдауымен және облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – бата беру дәстүрін дәріптеп, оның тәрбиелік мәнін жас ұрпаққа насихаттау.


Байқауға өңірдің 11 аймағында өткен іріктеу кезеңдерінде үздік деп танылған 11 үміткер қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде ұлттық салт-дәстүрге қатысты білімдерін ортаға салса, екінші кезеңде ел есінде сақталған белгілі тұлғалардың баталарын орындады. Ал үшінші кезеңде ұлттық құндылықтарға байланысты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің таным көкжиегін көрсетті.