Мемлекеттік қызметкерлердің сапасын арттырып, халыққа қызмет көрсету мәдениетін жетілдіру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті «Қызмет алушылар күнін» ұйымдастырды. Іс-шара барысында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі түсіндіріліп, түрлі бағыт бойынша кеңестер берілді.  


Кездесуге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері мен мемлекеттік органдардың мамандары қатысты. Олар өз салалары бойынша көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, тұрғындар сауалына да жауап берді.