Өнерді үйрену ешқашан кеш емес. Мәселен, Тараздағы «Белсенді ұзақ өмір орталығының» қариялары зейнет жасына қарамастан домбыра үйренуде. Ұлттық домбыра күні қарсаңында зейнеткерлер сахнаға шығып, қазақтың күйлерін тартып, келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Домбыра-қазақ халқының рухын, тарихын, салт-дәстүрі мен асыл мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті қазына. Қазір ұлттық өнерімізді жастармен бірге қариялар да үйренуге қызығушылық танытуда. Соның ішінде кәріс этносының өкілі, зейнеткер Валентина Тен де бар.