Қордай және Мойынқұм аудандарында сот жүйесі мен полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтті. Салтанатты жиында қоғам тыныштығы мен заң үстемдігін қамтамасыз етіп жүрген мамандардың еңбегі ерекше дәріптелді. Аудан басшылары мен сала ардагерлері қызметкерлерді мерекемен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Үздік мамандар марапатталып, көп жылғы адал еңбегімен ерекшеленген ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Шудағы іс-шара ҚР Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Салтанатты жиынға аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық маслихат төрағасы Нұрдин Садықов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Үдергенов және ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Мерекелік жиында қызметтік міндетін адал атқарып жүрген бірқатар полиция қызметкері мен сала ардагерлері марапатталды. Оларға аудан әкімінің, маслихат төрағсының және полиция бөлімінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталары табысталды.